Malim.kz
Саясат

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді

Malim Админ

Тәжікстан басшысын ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды.

Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты. 

Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.

Фото: ҚР Үкіметі
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары