Malim.kz
Мәдениет

Бейжіңде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы аталып өтті

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот (ЖИ арқылы өңделген)

Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған "Жамбыл – ғасыр ақыны" атты мәдени кеш өтті, деп Malim.kz хабарлайды.

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, ақынның немересі әрі Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова, қытайлық жазушы және аудармашы Акбар Мәжит қатысты.

Сондай-ақ кешке Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің дипломаттары мен ҚХР-дың шығармашылық, ғылыми және іскерлік орта өкілдері жиналды.

Шара аясында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Экспозицияға ақынның кітаптары мен фотосуреттері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ этнографиялық жәдігерлер қойылды.

Мәдени бағдарлама "Жамбыл – ғасыр ақыны" атты концертпен жалғасты. Сахнада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары