Malim.kz
Экономика

Теңге күшейді: доллар, еуро және рубль арзандады

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

Теңге долларға шаққандағы кеше жоғалтқан позициясын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 15 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 468,94 теңгені құрады. Осылайша, доллар бір тәулікте 7,39 теңгеге арзандады.

Еуро бағамы да төмендеп, 535,69 теңгеге жетті. Еуропалық валюта бір күнде 6,24 теңгеге құнсызданды.

Ресей рублінің бағамы да төмендеу көрсетіп, 6,0818 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 0,1089 теңгеге аз.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары