Malim.kz
Спорт

Теннисші Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты

Malim Админ

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 500-ден астам ұпай (winner) жинаған жалғыз теннисші болды, деп хабарлайды Malim.kz.

OptaАce статистикалық сайтының жазуынша, отандасымыздың активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.

Бір күн бұрын Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирінің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы - қазақстандық Елена Рыбакина бірден екіншісі айналымға өтіп, румыниялық Ирина Бегумен немесе біліктілік бойынша теннисшімен кездеседі.

Фото: ҚР Теннис федерациясы 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары