Malim.kz
Оқиға

"Тергеу басталды": Атырау облысында шенеунік қайтыс болды

Арман Қайыпхан

Құрманғазы аудандық әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Имашев өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 қазаннан 31 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аңшы мылтығынан өзіне оқ атқан.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады ведомстводан.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары