Malim.kz
Оқиға

TikTok-та балағат сөздер айтқан әйел психикалық орталыққа жатқызылды

Айбын Атабай
Видеодан скрин

TikTok әлеуметтік желісінде «Золотая женщина» лақап атымен танылған Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова тікелей эфирлер барысында балағат сөздер қолданғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің дерегінше, бірнеше рет ескерту жасалып, профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, әйел мұндай әрекеттерін жалғастыра берген. Ол өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты да балағат сөздер айтқан.

Полиция, қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен балалардың тәрбиелену және тұру жағдайларына тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта балалар әкесінің қарауында.

Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, лайк пен донат үшін TikTok-та шектен шыққан тоғыз қазақстандық жауапқа тартылғаны хабарланған болатын.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары