Malim.kz
Сұқбат

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың кім екені анықталды

Malim Админ

ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан мерт болғандардың аты-жөнін жариялады.  

Ресми мәліметке сенсек, авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері қаза тапты. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.

Айта кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатынан  4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. Ал құлаған Ми-8 тікұшағының тозығы жетпеген, ол 2021 жылы ғана жасап шығарылған.  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары