Malim.kz
Сұқбат

Тоғжанов Сапарбаевтың орнына жайғасты

Malim Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен Ералы ТОҒЖАНОВ үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы МӘЛІМ сайты АҚОРДАҒА сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-премьер қызметінде болған Бердібек САПАРБАЕВ Жамбыл облысы әкімі болып кеше тағайындалған еді. Қордай трагедиясына байланысты кадрлық өзгерістер болған-ды. Енді Асқар МАМИННІҢ орынбасары болып Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған Ералы Тоғжанов шыға келді.

Ералы ЛҰҚПАНҰЛЫ Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істері комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысы әкімі болып қызмет еткен.

Фото: inaktau.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары