Malim.kz
Оқиға

«Тойға барған»: Тамара Асардың өгей баласы неден қаза тапқаны белгілі болды

• Malim Админ

Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің қаза болу себебін айтты, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.


8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күндік асы өтеді. Көпшілік білгені жөн – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүректің байланысы. Әлішер Тамараның өз баласы болмаса да, ол үшін туғанындай болып кеткен. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы, ал Жұмаш пен кішкентай Ажардың ағасы еді, – деді продюсер.

Жан Мұқановтың айтуынша, көп адам Әлішердің өліміне қатысты нақты не болғанын сұрап жатқан көрінеді.

Оны Ақтөбеде көлік қағып кетті. Ол жаққа досының үйлену тойына барған болатын, – деп түсіндірді ол.

Фото: instagram.com/tamaraasar 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары