Malim.kz
Шоу-бизнес

"Тойыма шақырамын". Әнші Ақбота-Нұр тұрмысқа шығатынын айтты

Айбын Атабай
instagram.com

Танымал әнші әрі актриса, “КешYOU” тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Абайқызы қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы  Malim.kz  Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Өнер иесі RevueNews-қа берген сұхбатында жақында екінші рет тұрмыс құратынын жеткізді.

“Менің басым бос емес. Жүрегімді жаулаған серінің кім екенін жарты жылдан кейін сұраңыздар. Сол кезде тойыма шақырамын”, – деді ол.

Күні кеше актриса басты рөлді сомдаған “Соңғы махаббат” фильмінің жабық көрсетілімі өткен еді. Әнші әңгіме барысында сүйіктісінің де сол жақта жүргенін ашық айтты. Сондай-ақ өнер иесінің сөзіне қарағанда, болашақ жарының өнерге қатысы жоқ.

Айта кетейік, Ақбота-Нұр Абайқызы мен актер Дәурен Айдарқұлов 2017 жылы шаңырақ көтерген еді. Алайда 2020 жылы ажырасып кеткен. Қазір олардың бір ұлы бар.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары