Бұрынғы министрдің 38 жастағы ұлы үйленгенінен төрт күн өткен соң жол апатынан қаза тапты. Көлікте бірге болған жұбайы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі National Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 23 қыркүйекте болған. Жас жұбайлар жігіттің мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына арналған түлектер кездесуіне бара жатқан. Алайда жол үстінде апатқа ұшырап, ер адам көз жұмған.
Олардың үйлену тойы 19 қыркүйекте табиғат аясында өткен. Салтанатты рәсімге туыстары мен достары жиналып, жас отбасының қуанышына ортақтасқан. Екі күннен кейін жұп ортақ баспана сатып алуға ұсыныс беріп, болашағын жоспарлаған. Бұл туралы отбасы жариялаған қазанамада айтылған.
Марқұмның жұбайы апаттан аман қалған. Басылымның мәліметінше, ол ауруханаға жеткізілген, жарақаттары өміріне қауіп төндірмеген.
Бұл – бұрынғы министрдің отбасындағы екінші ауыр қаза. Оның үлкен ұлы да 2008 жылы, 24 жасында мотоцикл апатынан қайтыс болған. Осылайша, бұрынғы үкімет мүшесі екі ұлынан да айырылған.
Марқұм энергетика саласында жұмыс істеген, жоғары білім алып, оқуын әрі қарай жалғастырып жүрген. Әкесі қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген жандарға алғыс айтқан. Жарияланған материалда жол апатының нақты себебі көрсетілмеген.