Malim.kz
Шоу-бизнес

"Топас жігіттер ешкімге керек емес": Баян Алагөзова жастардың жар таңдауына қатысты пікір айтты

Алуа Әшірбекова
Фото: видеодан скриншот

Продюсер Баян Алагөзова қазіргі жастардың жар таңдауда бұрынғыдан әлдеқайда талапшыл екенін айтты, деп Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Сұхбат барысында ол бүгінгі қыздардың білімге, өзін дамытуға көбірек мән беретінін, сондай-ақ қарым-қатынастағы абьюз бен токсикалық мінез-құлықты жақсы ажырата бастағанын атап өтті.

"Такие балбессы никому не нужны. А балбесов-то много", – деді Баян Алагөзова әзіл аралас.

Продюсердің сөзінше, қазіргі қыздардың талабы жоғарылаған. Олар болашақ серігін таңдағанда тек сезімге ғана емес, адамның ой-өрісіне, мінезіне және қарым-қатынастағы әрекетіне де назар аударады.

Баян Алагөзова бұл өзгерісті жастардың білімге ұмтылуы және жеке шекараға деген көзқарасының қалыптасуымен байланыстырады.




 

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары