Malim.kz
Саясат

Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге барады

Айбын Атабай
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр. 

Айта кетелік Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдаған еді. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары