Malim.kz
Саясат

Тоқаев Алатау қаласына ерекше мәртебе беретін заңға қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының жедел әрі тұрақты дамуына жағдай жасау.

Қаланың бірегей құқықтық мәртебесі инновация, инвестиция және экономикалық өсімге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған дербес экожүйені құрудың түбегейлі жаңа тәсілін білдіреді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары