Malim.kz
Саясат

Тоқаев әлемдік рекорд иесін ерекше атап өтті

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары