Malim.kz
Саясат

Тоқаев Алжир Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін,– деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары