Malim.kz
Саясат

Тоқаев Amanat пен «Әділет» партияларының бірігуін қолдайтынын мәлімдеді

Айбын Атабай
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының “Әділет” партиясына қосылуын тарихи шешім деп бағалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегіне барлық озық әрі жасампаз күштерді біріктіру маңызды екенін айтты. 

“Бұл тарихи шешімді қолдаймын. Бүгінде барлық озық әрі жасампаз күштерді ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегіне біріктіру аса маңызды. Мұндай қадам елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға тың серпін беретіні сөзсіз. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз бір – жас ұрпақтың бақытты болашағына жол ашатын өркениетті әрі дамыған мемлекет құру. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ”, – деді Тоқаев.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары