Malim.kz
Саясат

Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатты

• Malim Админ

Президент Тоқаевтың жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетті. Бұл туралы Akorda сайты хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды", - делінген Akorda сайтында.

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынап, оның отставкаға кетуі керектігін мәлімдеген.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары