Malim.kz
Саясат

Тоқаев білім беру мен бала құқықтарына қатысты заңдарға қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, денсаулық сақтау, бала құқықтарын қорғау, педагог мәртебесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларын қамтитын бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан бөлек, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қабылданған заңдар педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, бала құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары