Malim.kz
Саясат

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Сұлу Бөлек

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

Фото: Ақорда

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары