Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан Президенті Луис Инасиу Лула да Силва мен Бразилия халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық халықтардың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал ел халқына бақ-береке тіледі.