Malim.kz
Саясат

Тоқаев БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия және Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңірлік орталық тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша өңірлік үйлестіруді күшейтуге, техникалық көмек бағдарламаларының тиімділігін арттыруға, тәжірибе алмасу мен сараптамалық қолдауды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ және өңір мемлекеттерімен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Келісімде Өңірлік орталықтың құқықтық мәртебесі, оны Қазақстан аумағында орналастыру және қызметін ұйымдастыру тәртібі, ұлттық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері, орталық қызметкерлерінің елде болуы мен жұмыс істеу режимі, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қаржылық және ұйымдастырушылық негіздері айқындалған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары