Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығын алғалы бері Назарбаевтың маңайында болған кадрлар қызметінен кетіп жатыр.
Бүгін Президент өкімімен Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесінің ахуал орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Есин Қауіпсіздік кеңесінде 1 жыл 1 айға жуық уақыт отырды. Ол бұл қызметке былтыр 17 наурызда тағайындалған еді.
Данияр Нұрашұлы 1981 жылы 21 қаңтарда Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы болған.