Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.