Malim.kz
Саясат

Тоқаев эфиопиялықтарды құттықтады

Сұлу Бөлек

Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас зор әлеуетке ие екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Фото: Ақорда 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары