Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық қызметке тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақорда мәліметінше, Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстанның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.
Сонымен бірге ол Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Президенттің тағы бір жарлығымен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.
Бұдан бөлек, Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.