Malim.kz
Саясат

Тоқаев Газадағы қақтығысты тоқтатқаны үшін Трампты құттықтады

Malim Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 


Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын жазған едік.

Фото: Kazinform/ akorda.kz/ wikipedia

Malim Админ
Автордың басқа материалдары