Malim.kz
Саясат

Тоқаев Гонконгтағы алапат өртке байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Айбын Атабай
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өртке байланысты Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

“Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты. Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді”, – делінген хабарламада. 

 Еске салсақ, Гонконгта 4000 адам тұратын тұрғын үй кешені түгелдей өртенгені туралы хабарлаған едік. Өрттен 50-ге жуық адам қаза тапты.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары