Malim.kz
Саясат

Тоқаев Грузия президентін құттықтады

Сұлу Бөлек

Мемлекет басшысы Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Ақорда 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары