Malim.kz
Саясат

Тоқаев Ильхам Әлиевті әуежайдан күтіп алды

Арман Қайыпхан

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.

Соңғы 3 жылда көрші елдің басшысы Қазақстанға жетінші рет келіп отыр.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары