Malim.kz
Құқық

Тоқаев: Интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады

Айбын Атабай
pixabay.com

Президент Бас прокуратурада жиынында азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет екенін атап өтті.

- Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет, - деді Президент. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары