Malim.kz
Саясат

Тоқаев Конго президентін Ақордада қарсы алды

Берік Дәулетов

Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Фото: Ақорда

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары