Malim.kz
Саясат

Тоқаев Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары