Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Сапар аясында Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланған.