Malim.kz
Саясат

Тоқаев күзет қызметі мен тұрғын үй саласына қатысты заңға қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойып, күзет пен тұрғын үй саласындағы өзгерістерді бекітті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұл өзгерістер күзет қызметінің жұмысын реттеу, тұрғын үй қатынастары мәселесін жетілдіру және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары