Malim.kz
Саясат

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады

Арман Қайыпхан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары