Malim.kz
Саясат

Тоқаев Марат Қалқабаевты ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатты

Берік Дәулетов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қалқабаевты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Генерал-майор Марат Қалқабаев ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Айбын»  ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

1984-1995 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

1995-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

Ол бұл қызметке 2013 жылы тағайындалған.

Фото: Gov.kz

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары