Malim.kz
Саясат

Тоқаев мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды

Арман Қайыпхан

Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары