Malim.kz
Саясат

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Сұлу Бөлек

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Алматы әуежайынан құрмет көрсетіп шығарып салды.

Мемлекет президенттері Алматыда не істеді?

- Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты.

- Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты.

- Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алматыға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты.

- Кейін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды. 

- Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады.

Фото: Ақорда

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары