Malim.kz
Саясат

Тоқаев Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары