Malim.kz
Саясат

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

Сабина Асқарқызы

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Ақорда

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары