Malim.kz
Саясат

Тоқаев Өзбекстан президентіне хат жолдады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтып, хат жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке 14-16 қараша күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді», - деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.

Президент хатта екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға тың серпін берген бұл сапардың тарихи мәніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте ұйымдастырылған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша өрбіген мазмұнды пікірталастар, қабылданған маңызды шешімдер мен құжаттар, сондай-ақ диалогқа Әзербайжанның толық құқылы мүше ретінде қосылуы форумның стратегиялық сипатын арттыра түсті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары