Malim.kz
Оқиға

Тоқаев Петер Мадьярды парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

Айбын Атабай
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін Мажарстанда өтетін сайлау елді ұзақ жылдар басқарған премьер-министр Виктор Орбанның қызметтен кетуіне алып келуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары