Malim.kz
Саясат

Тоқаев: Президент партия құрамында болмауы керек

Айшолпан КЕРІМ

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауын жариялады.

Тоқаев бүгінгі жолдауында президент өкілеттілігі жүріп тұрған уақыт аралығында партия құрамында болмауы керектігін айтты. 

– Мен заңнамалық түрде өзімнің президенттік өкілеттігім кезеңінде партияға мүшелікті тоқтату міндетін рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да партия құрамында болмайды.

– Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдары басшылығында болуға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпжақты партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Тоқаев.

Жолдауда айтылған өзге де ұсыныстар:

Биыл Қаңтар көтерілісінен кейінгі мәлімдемелерінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы наурыз айында саяси реформалар пакетін ұсынатынын хабарлаған еді. Алайда ол БАҚ-қа берген сұқбатында "түбегейлі өзгерістер болмайтынын" мәлімдеді.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары