Malim.kz
Саясат

Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» Заңға қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжат психологиялық қызмет саласын реттеуге және өзін психолог не коуч ретінде таныстыратын, бірақ кәсіби біліктілігі жоқ мамандардың көбеюіне байланысты бақылауды күшейтуге бағытталған.

Заң психологтарға бірыңғай талаптар енгізеді. Атап айтқанда, кәсіби стандарт, этика кодексі, ғылыми негізделген әдістерді міндетті түрде қолдану және қызмет сапасын бақылауға арналған супервизия институты қарастырылған.

Заңдағы басты жаңалықтардың бірі – психологтарды сертификаттау және мамандардың мемлекеттік тізілімін құру. Қазіргі таңда елдегі 43 жоғары оқу орнында шамамен 17 мың студент психолог мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары