Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Астана әуежайынан салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ресми сапар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ саяси, экономикалық және өңіраралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік сапар қорытындысында жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижелі өткені атап өтілді.