Malim.kz
Саясат

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды

Бақыт БЕКОВ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей астанасы Мәскеуге барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді (барды – ред)», - делінген хабарламада.

Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтетіні айтылған.

 

Бақыт БЕКОВ
Автордың басқа материалдары