Malim.kz
Саясат

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары