Malim.kz
Саясат

Тоқаев Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

• Мадияр Қапанбек
Саят Исанов. Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің жаңа қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың ресми Telegram арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, бұл қызметке Саят Серікқазыұлы Исанов келді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін Айдос Мырзахметов атқарған.

Ол аталған лауазымда 2024 жылғы қаңтардан бері қызмет еткен. 2026 жылғы 27 қыркүйекте Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары