Malim.kz
Саясат

Тоқаев: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы барлық салада сенімді түрде дамып келеді

Айбын Атабай
Ақорда

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығында ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Жаңа ғана шағын құрамдағы келіссөздер өтіп, өзара ынтымақтастықтың күн тәртібінде проблема жоқ екені нақтыланды. Бұл өз кезегінде, жұмыс форматындағы бірлескен іс-қимылдың нәтижесі. Қол қойылатын немесе бекітілуі тиіс негізгі келісімдердің тиісті деңгейде дайындалғанын растаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Қазақстанға сапарын екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатын білдіретінін, Қазақстан үшін Ресеймен достық әрі тығыз қарым-қатынастың маңызы зор екенін атап өтті.

— Осы ынтымақтастықтың маңызын сіз де және біз де жақсы түсінеміз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салаларда сенімді түрде дамып келеді және мемлекетаралық қарым-қатынастың үлгісі ретінде танылып отыр. Жоғарыда айтып өткенімдей, шағын құрамда сәтті келіссөздер жүргіздік, — деді Қазақстан Президенті.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары